Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда 3 айда 7 мыңнан астам адам жұмысынан қысқартылған

2019 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда 7,4 мың адам жұмысынан қысқартылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі LS басылымына сілтеме жасап.

Қазақстанда 3 айда 7 мыңнан аса адам жұмысынан қысқартылған

2018 жылдың бірінші тоқсанында жұмысынан қысқартылғандар санымен салыстырғанда, биыл бұл көрсеткіш 1,9 есе ұлғайған (3,9 мың адамнан). 

Биылғы жылдың қаңтар-наурыз айларында компаниялардың таратылуының салдарынан 1,7 мың адам жұмысынан айырылған. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 1,3 мың адамды құрапты. 

Статистика жөніндегі комиеттегілердің мәліметінше, 2019 жылы үш айда қазақстандық компанияларда 188,3 мың адам,  ал 2018 жылдың бірінші тоқсанында 177,6 мың адам жұмысқа қабылданған. Осы уақытта 191,5 адам (2019 жылдың бірінші тоқсаны) және 12,3 адам (2018 жылдың бірінші тоқсаны) қызметінен босатылған.
 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр