Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 16,3 млрд тонна қалдықтар жиналған

2021 жылдың басында Қазақстанда радиоактивті және техногенді минералды қалдықтарды есептемегенде, 16,3 млрд тонна әр түрлі морфологиялы қалдықтар жиналған. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігі жанындағы Қоршаған ортаны қорғау бойынша ақпараттық-сараптамалық орталығының ақпараты бойынша, мемлекеттік кадастрда классификация бойынша 13,5 млрд тонна қауіпті емес қалдықтар мен 2,8 млрд тонна қауіпті қалдықтар тіркелген. Өңірлердегі ресми есепті құрастырғанда стихиялы қоқыс орындарының көлемі ескерілмейтіндіктен, шынайы көрініс бірнеше есеге қауіптірек болуы ықтимал.

"Стихиялы шағын, орта және ірі қоқыс орындарының саны бізді толғантуда", - деп мәлімдеді. – Бұл жан түршіктірер көрініс. Қазіргі кездегі белсенді полигондар мен санкцияланбаған қоқыс орындары бойынша ағымдағы жағдай кезек күттірмейтін мәселеге айналды", – дейді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жанындағы "Қоршаған ортаны қорғау бойынша ақпараттық-сараптамалық орталығы" РММ бас директоры Жанат Самат. 

Сарапшының сөзіне сүйенсек, бүгінде Қазақстанда цифрлы карта жасап шығарылған және 881 шаршы шақырым аудан сандық форматқа өткізілген. Бұл 250 қабатты инженерлік желілерден, жолдардан, топографиядан, аэрография, көшеттерден және полигондар мен қоқыс орындарынан тұратын ақпарат. Жиналған қалдықтар және олардың біртекті еместігі де картадан көрініс табады.

"Министрліктің статистикасына сүйенсек, 2020 жылы елде 8884 санкцияланбаған қоқыс орындары тіркелген! Олардың 40%-ы Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. Бұл күннен-күнге ушығып жатқан мәселе. Біз оның қарқынын тек экология басқармаларының рейдтері ғана емес, заманауи IT-құралдардың арқасында да анықтаймыз", – дейді Жанат Самат. 

"Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы жасайтын космомониторинг ресми құжаттарда тіркелген қоқыс көлемі мен полигондарда көмілген қалдықтардың көлемін салыстыруға да мүмкіндік береді.  Мысалы, елордадағы полигондардағы көмілген қалдықтар мен құжаттардағы сандар сәйкес келді.

Жанат Саматтың мәлімдемесіне сай, қалдықтар кесірінен болып жатқан апаттың масштабын космостық биіктен оңай-ақ көруге болады. Спутниктік мониторинг көрсеткендей, көп жерде қалдықтарды полигондарға жеткізбей, құрылыс және өнеркәсіп нысандарына, тұрғын жерлерге таяу көмеді.

Жергілікті экология басқармаларының рейдтері жануарлардың мәйітін, органикалық және тағам қалдықтарын кез келген жерге тастайтын жағдайлардың көп болатынын көрсетеді. Бұл өз кезегінде тұрғындардың денсаулығына да, қоршаған ортаға да едәуір зиян келтіреді. Жағдай әсіресе елді мекендердің шеттерінде ушыққан, қазақстандықтар үшін бұл ақпарат сайтында қолжетімді.

Жанат Саматтың айтуы бойынша, қоқыстар мәселесін кейінге шегеруге мүлде болмайды, мәселені жүйелі түрде шешуді талап етеді. Кадастрда тек өндіріс пен тұтыну қалдықтары ғана тіркелген. Сонымен қатар радиоактивті, техногенді минералды қалдықтарды және табиғи ресурстарды өндіру кезіндегегі қалдықтарды ескерер болсақ, Қазақстандағы қалдықтардың негізгі саны 32 млрд тоннаны құрайды деуде! 2022 жылдан бастап бұл қалдықтар мемлекеттік қалдықтар кадастрында да тіркелетін болады, осылайша қалдықтардың нақты көлемі айқын көрінетін болады, деп есептейді эколог. Полигондар, әсіресе стихиялы қоқыс орындары – бұл нағыз қатер, - дейді Жанат Самат. – Бұл барлық биологиялық түрлердің өміріне қауіп төндіреді

Талқылау