Қазақстанда жоғарғы соттың судьялары сайланды
Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында Жоғарғы соттың судьялары сайланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Атап айтқанда, Жоғарғы сот судьясы лауазымына Ерлан Жұмаханұлы Айтжанов, Ғабит Өмірханұлы Әлжанов, Гүлмира Ғазизқызы Исамберлиева, Ерлан Смадиярұлы Қосмұратов, Нұрлан Қаскенұлы Құрманғалиев сайланды.
"Мемлекет басшысы аталған азаматтарды Жоғарғы сот судьясы қызметіне сайлау туралы ұсынымды енгізді. Таныстырылған бұл адамдардың көп жылдық судьялық еңбек өтілі бар", - деді Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шипп.
Осы орайда ол аталған судьялар өз саласының білікті мамандары екенін, аудандық әрі облыстық соттарда қызмет еткенін жеткізді.
Сенат депутаттары аталған кандиттарды қолдап, тиісті қаулы қабылданды.
Айта кетейік, жаңа қызметіне сайланғаннан кейін, судьялар Парламент Сенатының жалпы отырысында салтанатты түрде ант берді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген