Қазақстан вакцинация көлемі бойынша елдер рейтингінде 42-ші орынға көтерілді
Қазақстан вакциналанған азаматтары саны бойынша елдер рейтингінде 60-шы орыннан 42-ші орынға көтерілді. 24 маусымдағы деректер бойынша толық вакцинацияланғандардың үлесі 9,4%-ды немесе 1,79 млн-ды құрады. Сәуір айының соңында бұл көрсеткіш 0,7% болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Науқан басталғаннан бері Қазақстанда әрбір оныншы адам екпе салдырған.
Вакцинация көлемі бойынша елдердің рейтингісін Our World in data ғаламдық деректерінің ғылыми онлайн-басылымының мамандары жүргізеді.
21-24 маусымдағы мәліметтерге сәйкес, сандық көрсеткіш бойынша вакцинация науқанының абсолютті көшбасшысы – Қытай, вакцинаны 223 миллионнан астам адам алды. Бірақ халықтың жалпы санына бөлсек, бұл ҚХР азаматтарының тек 15%-ына тең.
АҚШ екінші орында, онда вакцинацияланғандар саны 150 миллионнан асады.
Рейтингте үшінші орынды халық тығыз орналасқан Үндістан алды. Оңтүстік Азияның бұл мемлекетінде 51 миллионнан астам азамат немесе халықтың 3,7%-ы вакцина салдырды.
Талқылау