Қазақстан Түркияға 55 тонна гуманитарлық көмек жібереді
Қазақстан жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Түркияға 55 тонна қосымша гуманитарлық көмек жібереді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі

Премьер-министрдің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл мәселе премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдің төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссияның отырысында талқыланған.
"Гуманитарлық көмекте жалпы салмағы шамамен 55 тонна болатын киім-кешек (жылы күртешелер мен шалбарлар), қысқы шатырлар, металл кереуеттер, төсек-орын жабдықтары және басқа да күнделікті қолданысқа қажетті заттар бар. Жүк әуе көлігімен Түркияның Газиантеп қаласына жөнелтіледі", - делінген хабарламада.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген