Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Ресей шекарасында жер сілкінісі болды

10 ақпанда Алматы уақыты бойынша сағат 18.35-те ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі "СОМЭ" ЖШС сейсмикалық стансалар желісімен жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 928 шақырым жерде Қазақстан мен Ресей шекарасында орналасқан.

"Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,8. MPV магнитудасы 4,4. Тереңдігі 10 шақырым", - делінген хабарламада.

 

Дана Русланқызы
Жұма, 10 Ақпан, 2023 20:20