Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері жабылады
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу пунктері уақытша жабылатынын ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
ҰҚК шекара қызметі Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы келісімге сәйкес 22 маусымда шекара бекеттері жабық болатынын хабарлады.
Оған себеп – Қытайда тойланатын Айдаһар қайықтары мейрамы (Дуань-у).
“Осыған байланысты 22 маусымда қазақ-қытай шекарасындағы автокөлік өткізу пунктілерінде адамдар, көлік, жүк пен тауар өткізілмейді. Бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз”, – делінген хабарламада.
Теміржолдағы өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"
