Қазақстан құрамасының экс-футболшысы еуропалық клубқа оралды
Қазақстан құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Владислав Васильев Бресттің "Динамо" командасымен келісімшартқа отырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Қазақстан футбол федерациясы
Беларусь клубының баспасөз қызметі Васильевтің “Динамоға” келгенін айтты.
Өткен маусымда 27 жастағы қазақстандық футболшы “Минск” құрамында барлық турнирде 14 матчқа қатысып, екеуі нәтижелі болды.
Айта кетейік, Владислав Васильев 2019 жылы "Динамода" ойнап, осы команда құрамында Беларусь чемпионы атанған.
Бресттік "Динамо" өткен маусымның қорытындысы бойынша Беларусь премьер-лигасында төртінші орын алды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

