Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы Универсиададан 7 медальді қанжығасына байлады

14 шілде күні Неапольда Әлемдік Универсиаданың жабылу салтанаты өтеді. Қазақстан құрамасының қоржынында 7 медаль бар. Бұл туралы Olympic.kz сайтына сілтеме жасап, Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Универсиаданың соңғы күні су полосының финалы және үшінші орынға жарысы болады. Алтын медаль үшін Италия мен АҚШ, қола медаль үшін Ресей мен Венгрия күш сынасады. 

Универсиадаға Қазақстаннан 94 спортшы аттанған. Жеті медальдың ішіндегі жалғыз "алтын" дзюдошы Ғалымжан Қырықбайға тиесілі. Бес рет қазақстандық спортшылар күміс медаль иегері атанды. Олар гимнасттар Нариман Құрбанов пен Милада Кәрім, жеңіл атлетші Михаил Литвин, таэквондошы Смайыл Дүйсебай (87 килограммға дейін), стендтік ату спортшысы Зои Кравченко. Сондай-ақ, стендтік ату спортынан Сәрсенкул Рысбекова үшінші орында жеңіп алды.
 
Қазақстан медальдарының саны бойынша 25 орынды иеленді.

Талқылау