Қазақстан қорғаныс министрлігі Ресей-Украина соғысын бақылап, ұшқышсыз ұшатын дрон операторларын оқытуды күшейткен
Ресей мен Украина арасындағы соғыс барысын бақылай отырып, Қазақстан ұшқышсыз ұшатын аппараттардың операторларын даярлауға көбірек көңіл бөле бастаған. Бұл жөнінде қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Иә, біз сараптаймыз (Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс – ред.) тиісті қорытындылар жасап, бөлімшелердің жауынгерлік даярлығы бағдарламасына өзгерістер енгіземіз. Біріншіден, біз ұшқышсыз авиация операторларымен оқу сабақтарын мұқият және егжей-тегжейлі дайындап, өткізуді бастадық. Өйткені болып жатқан қарулы қақтығыс ұшқышсыз ұшу аппараттарының барлау және соққы ретінде белсенді түрде қолданылатынын көрсетіп отыр", - дейді Камалетдинов сенат кулуарында.
- "КСРО кезеңінен қалған техникалардың әбден тозығы жеткен": Қазақстан әскері соғыс қаупіне дайын ба?
- Қазақстанда Түркияның ANKA пилотсыз аппараттары шығарылады
Сондай-ақ, оның айтуынша, артиллерияны дайындауға да көбірек көңіл бөліне бастаған.
"Зымырандық артиллериялық әскерлерді қолдану тәсілі көп тараған және біз бұл мүмкіндікті жауынгерлік дайындық барысында ескереміз", - деді вице-министр.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген