Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан қалаларында "Крис-П" радарларына неліктен тыйым салынды? ІІМ түсіндірді

Ішкі істер министрлігі Қазақстан қалаларында қолмен және мобильді тасымалданатын рардарларға, сонымен қатар «Крис-П» радарларына тыйым салынуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстан қалаларында «Крис-П» радарларына неліктен тыйым салынды? ІІМ түсіндірді

ІІМ-нің Әкімшілік полиция комитетінің Facebook желісіндегі ресми парақшасында хабарланғандай, қазіргі уақытта патрульдік полицейлермен елді мекендерде қолмен және мобильді тасымалданатын жылдамдықты өлшеуіш құралдары, сонымен қатар «Крис-П» радарлары пайдаланылмайды. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев тиісті шешім қабылдаған. 

Бұл орайда ведомстводағылар елді мекендерден тыс қала сыртындағы жолдарда жылдамдықты өлшеуіш құралдардың бұрынғыдай қолданыла беретінін мәлімдеді.

«Бұл шаралар қалаларда ЖЖҚ бұзушылықтарын тіркейтін стационарлық жүйелердің көптеп енгізілуімен байланысты: қазір олар 3,5 мыңнан асады», - дейді министрліктегілер. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр