Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан халқының саны 269 мың адамға көбейді

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстандағы халық саны 19 765 004 адам, оның ішінде қала тұрғындары – 12 208 259, ауыл тұрғындары – 7 556 745 адам, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Солтүстік Қазақстан тұрғындарының саны бір миллионға жуық адамға азаюы мүмкін

12 ай ішінде Қазақстанда 403,5 мың адам дүниеге келді, оның 208 мыңы – ұл балалар, 195,5 мыңы – қыз балалар.

Туу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 20,28 құрады.

134,7 мың адам - қайтыс болған, бұл ретте 1000 адамға шаққанда өлім-жітім коэффициенті -6,77.

Жалпы, бір жыл ішінде халықтың табиғи өсімі 268,8 мың адамды құрады.

Ең жоғары туу көрсеткіші Маңғыстау (1000 тұрғынға 27,75 адам), Түркістан (27,23) облыстарында және Шымкент қаласында (26,34) байқалады.

Ең жоғары өлім-жітім көрсеткіші Солтүстік Қазақстан (1000 тұрғынға шаққанда 11,84), Шығыс Қазақстан (11,71) және Қостанай облыстарында (10,82) байқалады, бұл осы облыс халқының жас құрылымымен байланысты.

12 айда 1 жасқа дейінгі 3 215 нәресте қайтыс болды.

2022 жылы 128,5 мың неке тіркеліп, 2021 жылғы 12 аймен салыстырғанда неке саны 8,4%-ға төмендеді.

Неке коэффициенті 1000 адамға шаққанда- 6,46.

Сонымен қатар, 17,7 мың ажырасу фактісі тіркелді, бұл 2021 жылғы деңгейден 8,1%-ға аз. Ажырасу коэффициенті 1000 адамға шаққанда -0,89.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 09 Ақпан, 2023 19:15