Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Грузияда өтіп жатқан фристайл мен сноубордтан әлем чемпионатында медальдан қағылды

Қазақстандық фристайлшы Павел Колмаков Бакуриани қаласында өтіп жатқан фристайл мен сноубордан әлем чемпионатында 4-орын алды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Павел Колмаков

Спортшы сайыс қорытындысы бойынша 83,99 ұпай жинап, 4-орынға тұрақтады. Жарыста канадалық Микаэль Кингсбери (89,82) чемпион атанды. Екінші орынды 88,90 ұпаймен аустралиялық Мэтт Грэм иеленсе, швециялық Уолтер Уоллберг 88,52 ұпаймен үшінші орын алды. 

26 жастағы Колмаков 2021 жылы әлем чемпионатында қола медаль иеленген. Сонымен қатар Испанияның Гранаде қаласында өткен Универсиада-2015 чемпионы атанған. 

Назархан Уән
Жексенбі, 26 Ақпан, 2023 09:00
Талқылау