Қазақстан билігі жақын күндері "Дружба" құбыры арқылы Германияға мұнай жөнелтуге дайын екенін мәлімдеді
Энергетика министрі Болат Ақшолақов еліміз жақын күндері "Дружба" құбыры арқылы Германияға мұнай жөнелтуге дайын екенін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

20 мың тонна мұнай "Дружба" құбыры арқылы жөнелтілмек.
Ақшолақов алдағы күндері жанармай экспорты басталатынын меңзеген. Ол сондай-ақ жеткізілім сәрсенбіде басталуы мүмкін екенін де айтқан.
"Кеше процедуралар аяқталып, қорытынды жасалды. Бүгін басталатынына қатты үміттенемін. Бұл енді компанияның, жүк жөнелтушілердің ішкі келісімшарттық стратегиясы ғой. Бәрі аяқталғандықтан, бүгін мұнай жөнелту басталады деп ойлаймын", - деді ол. Министр тасымалдауды бастаудың алдында ешқандай мәселенің жоқ екенін баса айтқан.
Қазақстан мұнайдың алғашқы партиясын Германияға қаңтар айының басында жөнелтуді жоспарлаған болатын. Кейін бұл жұмыс ақпанның бірінші жартысына шегерілді.
- "Назарбаев бейбітшілікті сақтауға тырысты": Назарбаевтың бұрынғы кеңесшісі онымен таныстығы және мұнай саласында жіберілген қателіктер туралы айтты
- Мәселеге әкімдік араласты: Маңғыстау облысында 200-ге жуық қызметкер жұмыссыз қалуы мүмкін
2022 жылдың соңында "Қазтрансойл" Германияға транзит үшін 2023 жылға 1,2 млн тонна көлемінде қосымша "Дружба" қуаттарын қалдырған. Оның 300 мың тоннасы бірінші тоқсанда жеткізіледі деп күтіледі.
2022 жылдың қыркүйегінде Берлин Шведт қаласындағы мұнай өңдеу зауыты үшін ресейлік көлемдерді алмастыру үшін қазақстандық мұнайды сатып алу туралы келіссөздер жүргізетінін хабарлаған. Бұған дейін Германия 2022 жылдың соңына дейін "Дружба" арқылы ресейлік мұнай импортын тоқтатуға міндеттеме алған.
“Қазақ әйелін аяққа таптайды, байлар жарысады: Тоқал алуды заңдастырудың соңы неге әкеп соғады?