БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Қазақстан барысы-2019" турнирінің жеңімпазы белгілі болды

"Қазақстан барысы-2019" турнирінің жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазқастан барысы

ШҚО-дан келген Айбек Нұғымаров финалдық бәсекеде Ерасыл Қажыбаевты жеңіп екі дүркін "Қазақстан барысы" атанды.

Үшінші орынды Алматы қаласының атынан шыққан палуан Руслан Әбдіразақов жеңіп алды.  Ол "қола" үшін финалдық тартыста елордадан келген Айбат Сейтеннен басым түсті.

Биылғы турнирге барлығы 33 палуан қатысқан. Турнир жеңімпазы 25 миллион теңге ақшалай сыйлық пен арнайы алтын белдеу және "Тайтұяқ" олжасын алды.

Екінші орын алған спортшы 5 млн 500 мың теңге, үшінші орын - 1 млн 800 мың теңге алды. Сонымен қатар, әрбір жеңіс үшін балуандарға 100 мың теңгеден берілді.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр