Қазақстан азаматы Ресейде жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

41 жастағы Жеңіс Күнболатов өткен жылдың сәуір айында табыс табу мақсатында Мәскеуге аттанған. Арада 4 ай өткеннен кейін ол хабарсыз кетіпті. Туыстарының сөзінше, ол жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен.

 

Бұл туралы «Алматы» арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Ер адам Мәскеуге достарымен бірге кеткен. Ол Қазан вокзалында құрылысшы болып жұмыс істепті. Ер адам 4 ай көлемінде туыстарымен хабарласып, жағдайының жақсы екенін айтқан.

Алайда тамыз айында соңғы рет сөйлесіпті. Анасы Сағымхан Кенжемолдақызының сөзінше, сол кезде ұлы жайсыз хабар айтқан екен.

«Ол өзін тонап кеткенін айтты. Ақшасын, құжаттарын қолды қылыпты. Мен оған ақша жібергім келді. Немесе оған көмектесу үшін туыстардың бірін жіберсем деп ойладым. Алайда ол үзілді-кесілді бас тартты. Оған бірдеңе болғанын ана жүрегім сезеді», – дейді ол.

Жеңістің анасы жанын қоярға жер таппай жүргенін айтады. Себебі неше түрлі сұмдық ойлар келеді екен.
Жеңіске не болғанын әзірге ешкім айта алмай отыр. Онымен бірге Мәскеуге аттанған достары Жеңіс хабарсыз кеткенге дейін қайтып келген.

Ер адамның заңгер болып жұмыс істейтін ағасының сөзінше, Жеңістің отбасы барлық жерге барып шағымданған. Алайда еш нәтиже жоқ. Ал туысының хабарсыз кеткеніне жарты жылдан аса уақыт өтіпті.

«Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөліміне арыз жаздық. Ресейдегі Қазақстанның елшілігіне, біздің сыртқы істер министрлігіне жаздық. Оның жоғалғанын бәрі біледі», – дейді Аркен Кенжемолдаев.

Оның пікірінше, жоғалған туысын іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатқан жоқ.

Ал сыртқы істер министрлігіндегілердің мәліметінше, ІІМ азаматты Ресейден іздестіріп жатыр. Қазақстандық құқық қорғаушылар бұл мәселені шешуге елшілерді араластырмапты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр