Қазақстан алғаш рет жастар арасындағы жағажай волейболынан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды
Фото: olympic.kz
Қазақстан алғаш рет жастар арасындағы жағажай волейболынан Азия чемпионатының финалында ойнап, жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сілтеме жасап хабарлайды.
Жастар арасындағы Азия біріншілігі Таиландтың Ройет қаласында өтті.
Қазақстандық жұп Клим Рюхов пен Владислав Мастихин жарысты алтын медальмен аяқтап, ел қоржынына тарихи жүлде салды. Финалдық кездесуде олар Қытайдың бірінші құрамасын 2:0 есебімен (21:19, 21:16) тізе бүктірді.
Бұл жеңіс – еліміздің жастар құрамасы үшін Азия чемпионатындағы алғашқы алтын жүлде. Осыған дейін Қазақстан командалары тек күміс және қола медальдарға ие болып келген еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

