Қазақстан 2025 жылғы жазғы Универсиадада алғашқы алтын медалін жеңіп алды
Фото: Olympic.kz
Қазақстан құрамасы 2025 жылғы 16–27 шілде аралығында Германияның Рейн-Рур аймағында өтіп жатқан Жазғы Универсиадада алғашқы алтын медалін жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Елімізге жеңіс әкелген спортшы — таэквондошы Самирхон Абабакиров. Ол 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, финалда Түркия өкілі Өмер Фаруқ Дайёглутурды жеңді.
Бұл алтыннан бөлек, Қазақстан құрамасының қоржынында алты қола медаль бар. Олардың басым бөлігі таэквондо спорт түрінен еншіленсе, тағы бір қоланы көркем гимнастикадан Айболат Ертайқызы жеңіп алды.
Айта кетейік, алты күндік жарыстан кейін Қазақстан жалпыкомандалық есепте 21-орында тұр.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

