Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан 10 миллион тонна бидайдан айырылды - премьер-министр

Қазақстанда егіс алқаптарында тыңайтқыштар жеткілікті деңгейде қолданылмайды. Бұл туралы үкімет басшысы Әлихан Смайылов айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

бидай

“Қазіргі таңда тыңайтқыштарды қолдану көлемі ғылыми қажеттіліктің небәрі 26%-ын ғана құрап отыр. Көрші елдердің өзінде бұл көрсеткіш бізден бірнеше есе жоғары. Қазақстанда тыңайтқыш өндіретін 12 зауыт жұмыс істейді. Мемлекет өнімді сатып алу үшін фермерлерге субсидия береді. Сондықтан өндірісті ең алдымен отандық нарыққа бағыттау қажет”, - деді Әлихан Смайылов. 

Үкімет басшысы минералды қалдықтардың дұрыс қолданылмай жатқанын атап өтті. 

“Сарапшылардың бағалауы бойынша минералды тыңайтқыштардың жеткілікті деңгейде себілмей қалуынан біздің дихандарымыз 10 миллион тоннаға жуық жоғары сапалы бидай өндіру мүмкіндігінен айырылып отыр”, - деді үкімет басшысы.

Оның сөзінше, топырақтың тозуы мен егіс алқаптарын арамшөптердің басып кетуі де өнімнің сапасы мен көлеміне кері әсер етіп отыр. Бұл ретте, фермерлер арасында түсіндіру жұмыстары дұрыс жүргізуді тапсырды. 

Бақытнұр Шерикбай
Сәрсенбі, 22 Ақпан, 2023 12:26