Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Қазақша есімдер құрып қалды ма": Бақытбек Смағұл оқулықтардағы "Дори, Мори" деген есімдерге ашуланды

Бүгін ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл мектеп оқулықтарындағы қателер туралы мәселе көтерді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

«Қазақстан мектептеріндегі көптеген оқулық аударма көмегімен әзірленген. Мысалы, физика пәні оқулығында мәтін аудармалары дұрыс емес.  Соның кесірінен көп тапсырмаларды шешу мүмкін емес. 4 сыныптың математика оқулығында ұлттық валюта атауы ағылшын тілінде KZ деп жазылған, ал негізінде теңге болуы тиіс. Адамның аты-жөндерінде де қате жетерлік», - деді Смағұл депутаттық сауалында. 

Оның айтуынша, депутаттар үш оқулықты ғана тексерген. Соның өзінде қаншама грамматикалық, техникалық және басқа да қателер тапқан. 

«Математика оқулығында Дори, Мори, Ори деген аттармен тапсырма берген. Сонда қазақша есімдер құрып қалды ма? 4 сыныптың әдебиет оқулығында үй тапсырмасына «Рататуй» мульфильмін оқып, мазмұнын айтып беруді сұраған. Қазақ тілінде шығармалар жоқ па сонда? Жаңартылған бағдарлама оқулықтары осындай дөрекі қателермен бекітілетін болса біздің білім саласының тағдыры қандай болмақ?» - деп кейіді депутат.  

Ол Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидиновадан мектеп оқулықтарындағы барлық қатені түзеуді бақылауына алып, мәселені шешуді сұрады.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр