Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда полиция департаменттерінің басшылары тұрғындарды көшеде қабылдайды

17-18 мамыр күндері Қазақстанда «Жолда қабылдау» науқанының кезекті кезеңі өткізіледі. Полиция департаменттерінің басшылары тұрғындары көшелер мен алаңдарда қабылдайтын болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақсатанда полиция департаменттерінің басшылары тұрғындарды көшеде қабылдайды

Полиция департаменттері, әкімшілік полиция, жергілікті полиция және көші-қон қызметі басшылары халық көп жиналатын жерлерде арнайы «жедел» қабылдау орындарында тұрғындарға қызықтырған сұрақтары бойынша жауап береді. Полицияның 280 мобильді тобы кеңес беріп, азаматтардың мәселелерін шешеді.

Науқан кезінде азаматтар өздерінің кезекті мәселелерін шешу үшін тікелей, ешқандай алдын ала жазылусыз полиция басшыларына жүгіне алады.
Оған қоса, телефон байланысының «қызу желісі» ұйымдастырылды. Осы байланыс желісі бойынша жол қауіпсіздігі және көші-қон қызметіне қатысты мәселелерге жауап алуға болады.

Қазақсатанда полиция департаменттерінің басшылары тұрғындарды көшеде қабылдайды

ІІМ-нің бастамасымен қолға алынған «Жолда қабылдаудың» азаматтарға қажеттілігі іс жүзінде көрінді. Бұл акция тұрғындармен байланыс жасаудың жаңа моделіне көшудің бір бағыты болып табылады.

Осыған байланысты, министр Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша өңірлік ішкі істер органдары азаматтарды жедел қабылдауды ай сайын жүргізеді.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр