Қазақмыс қызметкерлері рафтинг бойынша экстремалды жарыстардың финалистері атанды
"CHILIK SPRINT RACE" рафтинг жарысы Алматыда Іле Алатауының ең ірі өзені-Шілік тау өзенінде өтті. “Қазақмыс” қызметкерлері рафтинг бойынша экстремалды жарыстардың финалистері атанды.
Дауылды судан төмен түсу жарысына 9 команда, әрқайсысында 6 спортшы және бір жаттықтырушыдан қатысты. Олардың қатарында Алматы қаласындағы "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС филиалының асхана және кеңсе қызметкерлері: әкімшілік бөлімінің бастығы Святослав Нигай, жүргізуші Азамат Ерсаев, жүк тиеуші Тұрар Барат, коммерциялық менеджер Асылжан Қарғабаев, аспазшы-бригадир роман Чавычалов және аспаз Дархан Есполат қатысты.
Экстремалды жарыстар тау өзенінің бойында жылдамдыққа арналған қысқа жарыстардан тұрды. Командалар бірнеше рет әртүрлі позициялардан бастады. “Қазақмыс” компаниясының атынан қатысқан рафтерлер барлық қарсыластарын жеңіп, турнирдің финалына өтіп, жоғары дәрежелі көрсеткіш көрсетіп, құрметті екінші орынға ие болды.
Компания спортшыларды лайықты нәтижемен құттықтады.