Қазақ тазысы мен төбетінің стандарты бекітілмек
Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында қазақы ит тұқымдарының стандартын бекітуге қатысты құжатты жарияланды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Құжатта "жарғақ құлақ", "тықыр тазы" сияқты тазының тегіс жүнді түрлеріне (ілгегі мен шашағы жоқ) рұқсат етілетіндігі айтылады. Сонымен қатар стандарттың басқа параметрлерін сақтаған жағдайда ақау немесе кемшілік болып саналмайды.
Тазы итінің жүні жұмсақ, жібек тәрізді, тік, ұзындығы 4,5 сантиметрге (қыста) және 2,5 сантиметрге дейін (жазда) қысқа жүнді түбітінің жақсы дамуы басты назарға алынған.
“Бойы орта және ортадан жоғары, мықты денесі бар арықтау ит, созылу индексі - 103", - делінген тазы тұқымы туралы жаңа стандартта.
Сонымен қатар төбет иттің де сипаттамасы берілген.
"Шоқтығының биіктігі құйымшағындағы биіктікке тең. Басының ұзындығы шоқтықтағы биіктіктің кемінде 40 пайызын құрайды. Дене тұрқының ұзындығы шоқтықтағы биіктіктен шамамен 10 пайызға асып түседі, бұл ретте төбеттер қаншықтарға қарағанда біршама жинақы. Төбеттердің оңтайлы бойы 72 – 76 сантиметр, қаншықтардікі 68 – 72 сантиметр", - делінген құжатта.
Бұйрық 2023 жылғы 1 шілде күні қолданысқа енгізілмек.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік