Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ-қытай шекарасын кесіп өткен қандастарымыздың ісі бойынша бірқатар басшы жазаланады

Қазақ-қытай шекарасын кесіп өткен қандастарымыз Мұрагер Әлімұлы мен Қастер Мұсаханның ісі бойынша Зайсан шекара жасағында бірнеше басшыға қатысты шара қолданылмақ. Бүгінгі таңда бөлім командирін қызметтінен шеттетіпті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Қазақ-қытай шекарасын кесіп өткен қандастарымыздың ісі бойынша бірқатар басшы жазаланады

Мұрагер Әлімұлы мен Қастер Мұсахан ШҚО-ның Зайсан, Шілікті, Маңырақ ауылдарының тұсынан  қазақ-қытай шекарасын кесіп өткен. Ендігі шекарашылар қос азаматтың жолын кесе алмағаны үшін айыпты болып отыр.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов бірқатар басшының тәртіптік жазаға тартылатынын айтты.

«Олар сөзсіз тәртіптік жазаға тартылады. Әңгіме қарапайым сарбаздар емес, үлкен қызметтік тұлғаларға қатысты. Зайсан шекара жасағы, Комсомол заставасының бастығы мен комендантына шара қолданылады. Ал бөлім командирі қызметінен шеттетілді», - дейді Ділманов.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өттік деген қытайлық азаматтар Мұрагер Әлімұлы мен Қастер Мұсаханға қатысты қылмыстық іс қозғалған еді. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторында отыр.

Күні кеше қорғаушы Бауыржан Азанов қос азаматқа «Пана іздеуші тұлға» куәлігі берілетінін айтқан-ды.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Омар Жәлел: Құдайға ең жақын адам - Илон Маск

Желі қолданушыларының бір тобы Илон Маск мұсылман емес деп шулады

Ауруханаға барар жолда демі үзілді: Ақтөбеде құрдастарымен төбелесте көз жұмған оқушының оқиғасы

Марқұмның әпкесі: Інім дүкнге кетіп, қайта оралмады

Еліміздегі екінші деңгейлі банктер мемлекеттен 4,8 трлн теңге қаражат алған

Біздің салығымыз өзімізге қайтадан несие беретін банктердің қалтасына кетті

Көпбалалы ана әлемдегі ең кішкентай егіздерді өмірге әкелді

Егіздердің салмағы 429 жіне 403 грамм болып туды

Ата-анасы лақтырып тастаған: Иттер жаңа туған нәрестені тірідей талап өлтірген

Полицейлер ен даладан нәрестенің сүйектерін тапты

Қаржыны игере алмағаны үшін: Смайылов министрлерді жауапқа тартуды сұрады

1 қаңтардан бастап шенеуніктерді әкімшілік жауапқа тарту енгізілмек

Анасы миксердің кесірінен ұлының алдында көз жұмды

Дәрігерлер әйелді құтқаруға тырысқанымен, мүмкін болмады

Алматыда тауда жоғалып кеткен турист қызды іздестіруді жалғастыратын болды

Туыстары іздестіру-құтқару операцияларын жалғастыруды сұрады

Анасы екі баласымен 9-қабаттан секіріп кетті: Дәрігерлер аман қалған бүлдіршіннің жағдайы туралы айтты

Оның анасы мен қарындасы оқиға орнында тіл тарпай кеткен еді

Өмірінде кездесіп көрмеген: Кедей еркекке ғашық болған миллионер әйел оны түрмеден босатып алды

Ол сүйіктісін босату үшін, кепіл ретінде 2 миллион доллар төледі
Çàãðóçêà...