Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазағымды сағынып тұрамын": Елеусінов Қазақстаннан қандай жағдай болса да көшпейтінін айтты

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов қандай жағдай болса да, туған жерінен көшкісі келмейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Қарақатпен шәй» бағдарламасына сілтеме жасап. 

Данияр Елеусінов

«Шынымды айтсам, менде шетелде тұрсам деген ой жоқ. Бар болғаны уақытша барып-келіп қана жүре аламын. Өз елімді, жанұямды, қазақ халқымды, қоршаған ортам мен достарымды, менталитетімді сағынып тұрамын. Шетелде демалып, бәсеке өткізіп келіп дегендей ғана уақытша жүре аламын», - дейді Данияр Елеусінов. 

Мұнымен қатар, ол өзіне әлеуметтік желіде қаржылай көмек сұрап жазатындардың дені көп екенін жеткізді. Арасында қатты мұқтаж жандарға да қолұшын созып тұратынын жасырмады. 

«Барлық нәрсе мінсіз бола бермейді. Әрқайсымыздың өзіміздің пікіріміз бар. Дегенмен де өз көзіммен көрген, білетін нәрселерімді ғана айтып жүруім керек деп ойлаймын. Бір айта кететін мәселе бар. Маған әлеуметтік желіде көмек сұрап жазатын адамдар көп.

Бірақ мен меценат немесе үлкен бизнесмен емеспін. Осы орайда, елімізде медицина саласын дамыту керек деп ойлаймын. Сондай-ақ, халыққа емделуге жеңілдік керек шығар. Арасында сауап болсын деген ниетпен көмектесіп тұрамын. Сауапты іште сақтау керектігін білгендіктен, көп айта бермеймін», - дейді Данияр Елеусінов. 


"Мен тәй-тәй басқан жанмын, ал ол - биік шыңға жетіп алған": Елеусінов Головкинді жер-көкке сыйғызбай мақтады
Талқылау