Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ файтері Азияның үздігі атағы үшін жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық файтер Асу Алмабаев BRAVE CF 47 турнирінде қырғыз өкілі Рыскулбек Ибраимовпен жұдырықтасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

11 наурызда Бахрейн корольдігінде өтетін турнирде Асу Алмабаев пен Рыскулбек Ибраимов 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасады. 

Қырғыз спортшысы мансабында 18 жекпе-жек өткізіп, сегіз мәрте қарсыласына есе жіберген. Ал Асу Алмабаев 12 қарсыласынан басым түссе, екеуінен жеңіліс тапқан. 

Кештің басты жекпе-жегінде Қырғызстан файтері Абдисалам Кубанычбек пен Филиппин спортшысы Роландо Дай қолғап түйістіреді. Жеңіске жеткен файтер чемпиондық белбеуге шығады. 

Талқылау