"ҚазАгрода" 4 млрд теңгеден аса көлемде негізсіз сыйақы төленген

Қазақстанның Есеп комитетінің мүшесі Халида Қамбарова «ҚазАгро» холдингінде жүргізілген тексеріс нәтижелеріне қатысты кей мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап. 

«Холдинг есептерінде ұсынылған қызметтің негізгі көрсеткіштері оларды орындау бойынша ішінара немқұрайлы қадамдарды байқатады. Холдингтің ұйымдастырушылық құрылымының жетілдірілмегені көрініс тапқан, қызметтердің қайталануы фактілері анықталды», - дейді Халида Қамбарова. 

Қамбарова 2017-2018 жылдары «ҚазАгроға» 1,6 трлн теңге көлемінде қаржы бөлінгенін айтты. Комитет мәліметіне сүйенсек, активтерді тиімсіз басқару салдарынан холдингтің компаниялар тобы 2017 жылдың қорытындысы бойынша 126 млрд теңге, 2018 жылы 119,1 млрд теңге сомасына қаржылық шаруашылық қызметін шығынмен аяқтапты.

Бұл орайда Қамбарова холдингтік сыйақы төлеп келгенін атап өтті.
«2017-2018 жылдары қызметі шығынға ұшыраған кезде холдинг компаниялар топтарына 4,3 млрд теңге мөлшерінде сыйақы төлеген», - дейді комитет мүшесі.

Өткен жылдың соңында БЖЗҚ «Қазагроға» 450 млрд теңге (1,2 млрд доллардан аса) қаржы құйған. Бағалы қағаздар айналымы 10 пайыз сыйақылық мөлшерлемемен 15 жылды құрайды.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да жеңіліс: Күрестен әлем чемпионатында отандасымыз күміс жүлде алды

Күрестен әлем чемпионатында қазақстандықтар үшін алтын жүлде бұйырмай тұр

10 адам жараланды: Арыста тағы да жарылыс болды

Полигонда арнайы жұмыстар кезінде оқ-дәрі бөлшегі өздігінен жарылып кеткен

Тоқаевтың Нью-Йоркке неге баратыны белгілі болды

Бас Ассамблеяға қатысу үшін Нью-Йоркке 196 елдің өкілдері келеді

57 адам ұсталған: Министрлік заңсыз митингке шыққандар туралы мәлімдеме жасады

Жекелеген азаматтар елде тыйым салынған экстремистік ұйымның арандатушылығына ерген

Иттер талап тастаған: Қазақстандық әйел жаңа туған баласын мазарға тастап кеткен

Сәбидің денесін мазарда иттер сүйрелеп, талап тастаған

Үш жыл бойы алып келген: Оралдық көпбалалы әйелге мемлекеттен алған ақшасын қайтару міндеттелді

Үш жыл ішінде алған зейнетақыны мемлекетке қалай қайтаратынын білмей отыр

"Ессіз ғашықпын": Yuframe блогері тойға қызу дайындық үстінде

Айымның таңдауы Талғат Итбаев есімді бизнесмен жігітке түскен

Жоғалып кеткен астаналық барменнің өлі денесі табылды

Полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, денеде зорлық-зомбылық белгілері жоқ

2025 жылға қарай Қазақстан пластикалық пакеттерден бас тартады

Қазақстанда пластиктен бас тарту алты жыл ішінде кезең-кезеңмен жүреді

"Бір де бір құжаты жоқ": Жаңаөзен әкімі қызмет көлігін заңсыз пайдаланған

Әкім көлігін жемқорлыққа қарсы қызметкерлер мен жол сақшылары тексерген
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр