Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал әнші қайтыс болған туыстары туралы видео түсіргеннен кейін жол апатынан көз жұмды

Америкалық әнші Кайли Рэй Харрис Нью-Мексикода жолда көлікпен келе жатып, Instagram желісінде Stories түсірген. Ол жол жүріп келе жатқанына 12 сағат болғанын, алайда жолдан зерікпейтінін айтқан. Сонымен қатар ол бұрын сол жерде тұрған туыстарын еске алыпты.

Қайтыс болған туыстары туралы видео түсірген әнші артынша жол апатынан көз жұмды

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі People басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Анықталғандай, әнші еске алған туыстарынің көбі, сонымен қатар әкесі қайтыс болған екен. Кайли бала күнінде әкесімен бірге осы жолда жүріп, тіпті, сиырға соғылып, апатқа ұшырағанын айтқан. Осы естеліктерін айтып отырып өзін ұстай алмаған қыз көз жасына ерік береді. 

«Осы жерде тұрған туыстарымның ағамнан басқасының бәрі қайтыс болды. Әкем де... Бұл жерден өткенде көз жасымды тыя алмаймын», - дейді Кайли Рэй Харрис.

Қайтыс болған туыстары туралы видео түсірген әнші артынша жол апатынан көз жұмды

Алайда арада бірнеше сағат өткеннен кейін сұмдық жағдай орын алып, әншінің өзі үш көліктің қатысуымен болған жол апатына ұшырады. Ауыр жарақат алған қыз тіл тартпай кеткен. Сонымен қатар апаттан зардап шеккен көліктердің бірінде отырған 16 жастағы қыз көз жұмды. 

Кайли Рэй Харрис – кантри бағытында ән шырқайтын америкалық әнші. Оның екі альбомы бар. Кайлидің артында кішкентай қызы қалды.

Талқылау