Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайтыс болған сенатордың өліміне қатысты тексеріс жүргізіле ме - сенат төрағасы жауап берді 

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев депутат Гүлмира Кәрімованың кенеттен қайтыс болуына қатысты сенат тексеріс жүргізбейтінін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

сенат“Өздеріңіз білетіндей, Сенатта қайғылы жағдай орын алды, депутатымыз (Гүлмира Кәрімова – ред.) қайтыс болды. Оның орнына басқа адам қашан сайланатындығына қатысты сұрақтар қойылып жатыр. Заңға сәйкес бәрі шешіледі. Сенат депутаттарын мәслихат депутаттары сайлайды. Сондықтан ең алдымен қазір мәслихат депутаттарын сайлау керек. Олар ресми тіркеліп, жұмыстарына кіріскен соң, Наурыз мейрамдарынан кейін шығар, Орталық сайлау комиссиясы екі айдың ішінде жариялауға ұсынады. Қашан жариялайтынын өздері шешеді. Содан кейін екі айдың ішінде сайлау өтеді”, - деді Мәулен Әшімбаев сенат отырысынан кейін журналистерге берген сұқбатында. 

Мәулен Әшімбаев депутаттың кенеттен қайтыс болуына қатысты сенат тексеріс жүргізбейтінін айтты. 

“Сенат ешқандай тексеріс жүргізе алмайды, жүргізбейді, ондай әрекет заңда қарастырылмаған. Марқұмның туыстары мен дәрігерлер оқиғаны сараптап, сәйкес себептерін атады. Бұл мәселені талқылаудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Қандай да бір пікір айту адами тұрғыдан да, этикалық тұрғыдан да артықтау болар. Туыстарының, балаларының сезімін ойласақ. Әріптестер, тақырыпты осымен жабуды ұсынамын”, - деді Мәулен Әшімбаев.

Сенат қайтыс болған депутат Гүлмира Кәрімованың депутаттық өкілеттілігін тоқтатты. 

Бақытнұр Шерикбай
Бейсенбі, 02 Ақпан, 2023 11:59