Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайта вакцина алған қазақстандықтардың "жасыл" мәртебесі қанша уақыт сақталады

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева онлайн брифинг барысында ревакцина алған қазақстандықтардың "жасыл" мәртебесі қанша уақыт сақталатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Ревакцина алғандарда "жасыл" мәртебе тағы бір жылға, яғни 12 айға ұзартылады. Желтоқсанда қайта вакцина алғандар келесі желтоқсанға дейін "жасыл" мәртебеге ие болады", –  деді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева.

Бүгінгі күні ревакцинациядан 122 960 алматылық өтті.

Бұған дейін Алматыға "Спутник Лайт" вакцинасының 12 мың дозасы ревакцина үшін жеткізілген. 

Басқарма мәліметінше, "Спутник Лайт" вакцинасы ревакцинаға, яғни, толық иммундау мерзімі аяқталғаннан кейін қайта вакциналауға арналған.

Талқылау