Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қайраттың" қақпашысы Шерхан Қалмырза Қазақстанның жасөспірімдер құрамасына шақырту алды

Фото: Шерхан Қалмұрзаның желідегі парақшасынан

Алматының "Қайрат" клубының қақпашысы Шерхан Қалмырза Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасына Шымкент қаласында өтетін оқу-жаттығу жиынына шақырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстан Футбол федерациясының мәліметінше, жиын аясында үш бақылау ойыны жоспарланған. 8 қазанда жастар Бірінші лига өкілі "Таразбен", 10 қазанда "Оңтүстік академиясымен", ал соңғы ойын 12 қазанда шымкенттік "Ордабасымен" өтеді.

Қазақстан U-19 құрамасының оқу-жаттығу жиынына шақырылған ойыншылар құрамы:

Қақпашылар:

Шерхан Қалмырза ("Қайрат"), Диас Реймов ("Қайрат"), Саятхан Құсайынов ("Ақтөбе")

Қорғаушылар:

Данияр Ташполатов ("Қайрат"), Әмірбек Базарбаев ("Қайрат"), Рәмбек Кеңесбеков ("Қайрат"), Әкежан Қалиқұлов ("Қайрат"), Аманжол Бақытжанов ("Тобыл"), Иван Пивоваров ("Тобыл"), Абзал Сағын ("Астана"), Темірлан Төребек ("Ертіс")

Жартылай қорғаушылар:

Әлі Ақылбай ("Шахтер"), Евгений Петрик ("Қайрат"), Мұхамедәлі Әбіш ("Қайрат"), Әліден Мұсайыпов ("Қайрат"), Карим Махаметжан ("Қайрат"), Асан Байғалиев ("Елімай"), Даниял Назаров ("Астана")

Шабуылшылар:

Мансұр Бірқұрманов ("Қайрат"), Абылай Төлеухан ("Қайрат"), Азамат Тұяқбаев ("Қайрат"), Исмаил Бекболат ("Қайрат"), Мақсат Әбраев ("Астана"), Виталий Латурнус ("Ақтөбе"), Алдияр Нұрғали ("Леванте", Испания)

Айта кетейік, Шерхан Қалмырза бұған дейін Қазақстанның 19 жасқа дейінгі құрамасында ресми ойын өткізбеген. Алайда ол 2023 жылдың қазан айында 17 жасқа дейінгі құрам сапында дебют жасаған еді. Қазақстан жасөспірімдер құрамасы келесі ресми матчтарын қараша айында Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өткізеді. Қарсыластар Ирландия (12 қараша), Нидерланд (15 қараша) және Кипр (18 қараша).

Еске салайық, бұған дейін 18 жастағы қақпашы Шерхан Қалмырза "Реалдан" 5 доп жіберіп алғанына қарамастан, жанкүйерлер тарапынан мақтауға ие болған еді. Сол кездесуден кейін оның Instagram парақшасындағы жазылушылар саны 50 адамнан 379 мыңға дейін өсті.

Айым Атамбаева
Бейсенбі, 09 Қазан, 2025 03:13