Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қайрат" футболшысы матч кезінде есінен танып қалды

"Қайрат-Жастар" мен "Оқжетпес" командалары арасындағы бірінші лиганың алтыншы турындағы матч төтенше жағдайға байланысты 10 минутқа тоқтатылды.

Матчтың 20-минутында Лев Кургин есінен танып қалды. Ойыншыға алаңда жедел көмек көрсетілді. Осыдан кейін ол Алматы қаласындағы ауруханалардың біріне жатқызылды.

10 минуттан кейін төрешілер тобы ойынды жалғастыруға шешім қабылдады.

Еске сала кетейік, жуырда Дания мен Финляндия құрамалары арасындағы футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионатындағы матч кезінде қайғылы оқиға орын алды. 42-минутта даниялық Кристиан Эриксен есінен танып қалды. Осыдан кейін алаңда дәрігерлер бригадасы пайда болып, оған шұғыл көмек көрсете бастады. Эриксенді алаңнан алып кетті.

Талқылау