Қайнар Алагөзов айтыс үйірмесін ашпақ
Танымал ақын, көптеген хит әндердің сөзін жазған Қайнар Алагөзов Ақтөбеден айтыс үйірмесін ашқысы келетінін айтты. Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/kainaralaguzov
“Ассалаумағалейкум, достар! Бір бастан екі бас жақсы дейді ғой! Сіздермен ақылдасайын деп едім. Ақтөбе қаласынан “Айтыс” үйірмесін ашсам, қалай қарайсыздар?”, – деп көпшіліктің ойын сұрады.
Жұрт ақынның осы бір ұсынысын күткендей үйірме емес, мектеп ашу керегін айтып, бәрі бірауыздан қолдады.
“Қолдаймыз Қайнаржан”, “Жақсы бастамаға мұрындық болсаңыз ежелден келе жатқан айтыс өнеріне зор үлес қосар едіңіз”, “Үйірме емес мектеп ашу керек”, “Өзіңнен сабақ алса жаман болмайды”, “Шәкірт тәрбиелеп, үлкен жетістікке жетуді Алла нәсіп етсін”, – деп демеу беріп, тілектес екендерін білдірген жандар көп.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген