"Қайғыларыңызға ортақпыз": Тоқаев Франция президентіне көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін бүкіл әлемді дүр сілкіндірген оқиғаға байланыс Франция елінің қайғысына ортақ екенін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Тоқаев

"Франция халқы мен президенті Эмманюэль Макронға Париж қаласындағы әлем және Франция мәдениетінің айнымас жауһары – Нотр-Дам шіркеуінде болған алапат өртке байланысты қайғыларыңызға ортақ екенімізді жеткіземіз", - деп жазды ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында. 

Естеріңізге сала кетсек, 15 сәуірде кешкі уақытта Париждегі Құдай ана шіркеуі өртенді. Тергеушілер жұмысшылардан жауап алды. Ал Франция президенті шіркеуге өрт әлі толық сөндірілмеген кезде барып қайтқан. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр