"Қатты толқын салдарынан жартасқа соғылған": Италияда мигранттар мінген кеме апатқа ұшырап, 58 адам қаза тапты
Италияда мигранттар мінген кеме қатты толқын салдарынан жартасқа соғылып, апатқа ұшырады. Қаза тапқандар Калабрия аймағындағы Кротоне провинциясындағы жағажайдан табылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Қазір қаза тапқан мигранттар саны 58-ге жеткен. Ал бортта болғандардың нақты саны белгісіз. Билік өкілдері 150-ден 250 адамға дейін болуы мүмкін деп болжауда.
Апат жағалаудан 100 метр жерде ауа райының қолайсыздығынан туындаған.
Кемеде Түркиядан келген эмигранттар, Иран, Ауғанстан және Пәкістан азаматтары болған.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Frontex миссиясының ұшағы теңізден бұл кемені байқап, италиялық жағалау қызметтеріне белгі берген. Алайда қатты толқынның салдарынан оларды құтқару мүмкін болмаған.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген