Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қатты кетпей-ақ қояйық": Жанар Айжанова эфирде қызын ұрсып тастады

Жанар Айжанова эфирде қызын ұрсып тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Сәлем шоу" бағдарламасына сілтеме жасап.

Өнер иесі қызы Айжұлдыз Адайбекованы бағдарламаға қонақ ретінде шақырып, оны ұрсып тастаған. Қызына ыңғайсыз сұрақтар қойып, өзі айтқандай жауап беруін сұраған Жанар Айжанова жұртты таңқалдырды. Қызы Жанар Айжанованың сырын ашып, концертке қалай дайындалатынын айтып берген.

"Қатты кетпей-ақ қояйық негізі, мама. Осы жерден тоқтайық. Жалпы бізде шабыт дейтін оннан кейін келеді ғой. Өзіңіз сағат 11-де домбырамен ән айтып отырасыз ғой. Ештеңе демейміз ғой", - дейді Айжұлдыз Адайбекова.

Артынша Жанар Айжанова қызына ештеңе түсінбейсің деп қалжыңдаған. Үйде қалай жауап бер деп айттым, солай жауап бер деп ұрсқан өнер иесі осылайша жұртты күлкіге қарық қылды.

"Ол менде ертең концерт деген күні айтамын. Ол дайындық, шабыт емес. Мен айтқан өлеңімді есіме түсіремін. 11 ден кейін менің кітап оқитынымды білесің. Сен менің айт дегенімді айтсаңшы, бүкіл сырыңды айтып. Келістік қой үйде айт дегенді айт, айтпа дегенді айтпа. Ымға түсінбеген дымға түсінбейді", - дейді Жанар Айжанова.

 

 

Талқылау