Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қатерлі ісікке шалдыққан Назарбаев университетінің студенті көмек сұрайды

Назарбаев Университетінің 4 курсында оқып, бауырдың қатерлі ісігіне шалдыққан Айару Оңғарбаеваға қазақстандықтардың көмегі керек, деп жазады Stan.kz.

Студенттің жақын құрбысының сөзінше, 22 жастағы бойжеткен емделу үшін  Оңтүстік Кореяға кетіп қалған. Қазір ол бірінші химиотерапиядан өтіп, екіншісі басталғанша тынығып жатыр. Әр химиотерапияның құны 50 мың доллар. Ал Айарудың еміне әзірге тек 35 мың доллар ғана жиналған. 

"Cәуір айының басында Айарудың іш жағы ауыра бастаған соң, жергілікті аурухананың көмегіне жүгінген. Мекемеде құрсақ қуысының УДЗ-сы, ішкі мүшелердің компьютерлік томографиясы жасалды. Екі анализдің қорытындысы бойынша, дәрігерлер оған гепатоцеллюлярлы карцинома диагнозын қойып берген. Айарудың жанұясы оны Оңтүстік Кореяда диагностика жасап, сол жерде емдету туралы шешім қабылдады.

"Каннам Северанс" ауруханасына келгенде оған абдоминалды аумақтың, көкірек қуысының компьютерлі томографиясы жасалды, толығымен денесі сканерлеуден өтті, бауырға эндоскопия, колонскопия жасалып, биопсия сынақтары алынды. Осының барлығы диагнозды растады.

Сонымен қатар, өкпесінен және лимфалық түйіндерінен көптеген метастаздар табылды. Ем қабылдау алты айға созылатын химиотерапиядан тұрады. Әр химиотерапияның құны 50 мың доллар. Жақындары мен достарының арқасында Айарудың есепшотына шамамен $35 000 доллар жиналып қалды. Бірақ ол емнің ақшасын толығымен төлеуге жетпейді", — дейді Айарудың жақын құрбысы. 

Барлық сұрақтар бойынша төменде көрсетілген нөмірлерге хабарласа аласыздар:

Алина ‪+7 776 666 9444‬

Бекзада ‪+7 708 840 6650

Реквизиттер:

KASPI GOLD (MASTER CARD):
‪5169 4931 3762 3107‬
AIARU ONGARBAYEVA

IIN ‪961201450116
‬KZ40722C000020646372

HALYK BANK (VISA):
‪4390 8722 2638 5864‬

AIARU ONGARBAYEVA

IIN ‪961201450116
‬KZ966010002008968508

СБЕРБАНК (VISA):
‪4263 4472 9611 3910
‬ALTYN MAGZOMOVA

IIN ‪650624401051‬
KZ57914
CP39834790428
Qiwi wallet
‪+77766669444‬

 Paypal
 [email protected]

 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр