Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қатаң жазаланады": Бас прокуратура 26 қазанда митингіге қатысатындарға ескерту жасады

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтарды 26 қазанда елімізде заңсыз митингіге қатысуға шақыруда. Осыған байланысты еліміздің бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев үндеу жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

бас прокуратура Сурет: prokuror.gov.kz

«Әлеуметтік желілерде сотпен экстремистік деп танылған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» ұйымы мен оның жақтастары 2019 жылғы 26 қазанда кезекті заңсыз акцияларды ұйымдастырып, қатысуға шақырулар таратуда. Аталған ұйымның мүшелері аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін шетелде сот төрелігінен жасырынып жүр. Олар тұрғындарды құқыққа қарсы іс-әрекеттерге айдап салып, адамдардың қауіпсіздігіне, олардың өмірі мен денсаулығына, мүлкіне залал келтіру, қоғамның қалыпты тіршілік әрекетін бұзу қауіпін туындатуда», - дейді бас прокурордың орынбасары.

Дембаевтың сөзінше, аталған тұлғалардың қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қатер төндіретін іс-әрекеттеріне жол берілмейді және олар шектеуге жатады. Себебі Конституцияның нормаларына және елдің заңдарына, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 19, 20, 21-баптарына қайшы келеді.

«Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 13-бабына сәйкес экстремистік ұйымдарды тарта отырып, бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуге, олардың айырым белгілерін пайдалануға, экстремистік материалдарды таратуға жол берілмейді.

Осыған байланысты, мемлекеттік органдар сотпен тыйым салынған экстремистік ұйым бастамашылық етудегі рұқсат етілмеген наразылық акцияларының ұйымдастырушылары мен қатысушыларына заңмен белгіленген тәртіпте қатаң шаралар қолданатын болады», - деп ескертті Болат Дембаев. 

Заңсыз акцияларға қатысу фактілері расталған жағдайда құқық бұзушыларға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 488-бабы (ҚР бейбiт жиналыстарды, митингiлерді, шерулерді, пикеттер мен демонстрацияларды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы заңнамасын бұзу) бойынша жауаптылық мәселесі қойылатын болады. Ол бойынша заңсыз митингіге қатысқандарға 50 АЕК-ке дейін айыппұл салу немесе 15 тәулікке дейін қамаққа алу қарастырылған. 

«Егер осы іс-әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерiне елеулі зиян келтірсе, ол Қылмыстық кодекстің 400-бабы бойынша (Рұқсат етілмеген акцияларды ұйымдастыру және қатысу) жауаптылыққа әкеп соғады», - дейді Дембаев. 

Бас прокуратура құқық бұзушылықтың алдын алу, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында азаматтарды арандатушылық шақыруларға берілмеуге және экстремистік ұйымдардың заңсыз акцияларына қатысудан бас тартуға шақырады.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Анамды екінші рет көргім келмейді": Алматы облысында көпбалалы ана алты перзентінен бас тартты

Көпбалалы ана: "Қазір балаларады ойлап жүрген жоқпын"

"Кранды жүргізу емес, актриса болғым келген": Астаналық кран жүргізуші әйел кино мен театрды бағындыруды армандайды

Құралай Игілік: 15 жыл құрылыста жұмыс істеп жүрсем де әлі баспанам жоқ

Отқа оранған әуе ұшағы видеоға түсіп қалған

Ұшқан кезде қозғалтқыштарының бірі сыр берген

Алматыда оқушыға шабуылдаған ер адам ұсталды: Ол аула сыпырушы болып шықты

Күдікті: Қалтамнан телефонымы шығардым, ол пышақ екен деп қалды

Almaty Investment Forum-ды өткізуге бюджеттен 80 миллион теңге бөлінбекші

Форумға қонақтар әлемнің 20 елінен келеді екен

Футболшы қызбен жыныстық қатынасқа түскені үшін ойыннан шеттетілді

Бұл сәттің видеосы интернетте пайда болды

Шала туған сәбидің аман қалуына сыңарының құшағы көмектесті

Сәбидің жағдайы кенеттен жақсара бастады

"Патшаларша өмір сүреді": Облысты басқарып отырған әкімдердің тұрмыстық жағдайы анықталды

Кейбіреулері ескі көлік мініп, ендігілері пәтер жалдап тұратын көрінеді

"Қазақтар "қорапта" өмір сүреді": Эфирде шашын тақырлап алып тастаған ару "белден төмен" әңгімелерді неге көтереді?

Ұлдана Ерқасым: "Сен белден төмен әңгіме айтасың" деп талай аузымды жаптырғандар болды

Нұр-Сұлтанда автобус жүргізушісі аязды күні 17 жастағы мүгедек баланы көліктен түсіріп тастады

Баланың әпкесі: Қалада қазір 30 градустық аяз
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр