Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қатаң карантин: Алматыда демалыс күндері қоғамдық көлік тоқтайды

Алматыда қоғамдық көліктің карантин уақытында қалай жұмыс істейтіні айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

автобус

"Алматы қаласында карантиндік шараларды күшейту кезеңінде 5 шілдеден бастап қоғамдық көлік жұмыс күндері таңғы 6 - дан 23:00-ге дейін жұмыс істейді", - деп хабарлады "Алматыэлектротранс" ЖШС.

Сенбі және жексенбі күндері барлық қала маңындағы және қалалық қоғамдық көлік, метрополитенді қоса алғанда, жұмысын толық тоқтататын болады. Маскалық режимді, әлеуметтік қашықтықты және дезинфекцияны қамтамасыз ету жөніндегі шаралар күшейтіледі. "Осыған байланысты, ертең, 5 шілдеде, көлік жұмысы дүйсенбіге, 6 шілдеге дейін тоқтатылады", - деп атап өтті компанияда.

Айта кетейік, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматыда шектеу шараларын енгізді.

Еске салсақ, Бас санитар дәрігер жаңа карантин талаптарын мәлімдеген болады.

 

Талқылау