Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Kaspi банктің экс-қызметкерін ұстауға көмектескен адамға 10 млн теңге сыйақы берілді

Павлодар облысында алаяқтық жасаған Kaspi қызметкері Руслан Сексембаевты ұстады. Ол сот алдында жауап береді. 

Kaspi Bank бұрынғы қызметкері туралы мәлімет үшін 10 миллион теңге төлемек

"Күдікті тергеу және жедел іс-шаралар нәтижесінде күдікті 21 шілдеде Екібастұз қаласында ұсталды. Сексембаев ипотекалық мүлікті арзан бағамен сатып алуға көмек көмектесем деп алаяқтық жасады. Ол азаматтардың сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен ақша аударуды өзінің жеке шотына жіберген соң қашып кетті", - делінген хабарламада. 

Күдіктіні ұстауға көмектескен адамға Kaspi 10 млн теңге сыйақы берді. Ол күдіктінің қайда екенін айтқан. Оның есімі қауіпсіздік мақсатында жарияланбайды. 

Банк Сексембаетың сот алдында жауап беріп, қатаң жазаланатынаны сенімді.

Құқық қорғау органдары барлық қылмыскерлерді анықтау және клиенттердің мүдделерін қорғау мақсатында осы қылмыстың барлық жағдайларын тергеуді жалғастыруда.

Бұған дейін «Kaspi» күдіктінің қазіргі орналасқан жері туралы ақпарат үшін 10 миллион теңге көлемінде сыйақы жариялады.

Бұған дейін банк қызметкерінің клиенттерінен қалайша 10 млн теңге алдап алғанын баяндаған едік.

Талқылау