Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Kaspi Bank бойынша аударымдарға салық салу: Ұлттық банк ұсынысқа қатысты пікір білдірді

Қазақстанның Ұлттық банкі кәсіпкерлік қызметінде электронды транзакцияны пайдаланатын қазақстандықтарға салық төлеуді міндеттеу қажеттігіне қатысты өз ұстанымын айтты. Ерболат Досаевтың сөзінше, қазақстандықтардың ақша аударымдарын тексеру туралы ұсыныс әзірге талқылану үстінде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісі. 

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәжіліс кулуарында қаржы министрлігінің Kaspi Bank бойынша аударымдарға салық салу ұсынысына қатысты пікір білдірді.

«Менің пікірімше, қаржы министрлігі салық салуды көздеп отырған жоқ, тек осы төлемдерден салық төленіп отырғанын көргісі келеді. Ұлттық банк пен министрлік бірлесіп жұмыс істеуде. Қолма-қол ақысыз төлемдер көлемінің артуы бюджет кірісінің артуымен қатар жүруі тиіс деген пікірдемін. Бұл қалыпты жағдай. Себебі ақша көлеңкеден шығады немесе көлемі артады. Сондықтан үкіметтің фискалдық мақсаты, жалпы, біздің көлеңкелі экономиканы төмендетуге бағытталған жұмысымыз қосымша кірістер түріндегі жағымды нәтижелермен қатар жүргенін қалар едік», - дейді Досаев.

Сонымен қатар ол қаржы министрлігінің ұсынысы Kaspi Bank бойынша жасалатын төлемдерге ғана қатысты емес екенін атап өтті.

«Бұл мәселе бүкіл банк секторына қатысты. Төлемдердің қажетті деңгейін қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда, банк секторы үкімет пен қаржы министрлігіне серіктес болатын шығар. Әзірге бұл қаржы министрлігінің ұсынысы ғана. Әзірге банк қоғамдастығымен де талқылануда», - дейді Ұлттық банк төрағасы. 

Еске сала кетсек, бұған дейін қаржы министрлігі салық төлеуден жалтарып жүрген кәсіпкерлерді анықтау үшін, қазақстандықтардың ақша аударымдарын тексеретіні туралы хабарланған еді.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Қатты ауырдым. Гормон таблеткаларын іштім": Айдана Меденова мінсіз сұлулыққа қалай қол жеткізгені туралы

"Артық салмақ қосып алдым"

Қарағанды облысында жаппай көліктер соқтығысуда (видео)

Жол оқиғасы көктайғаө пен тұманның кесірінен болған көрінеді

Марғау 20 минут бойы жұмыс істеп тұрған кір жуғыш мәшиненің ішінде қалып, одан аман шыққан

Мысықтың иесі оны байқамай, қондырғыны іске қосып жіберіпті

Қарағандыдағы ұрланып, кейін қаза болған баланың анасы өлім жазасын талап етіп отыр

Полиция дұрыс әрекет етсе, балам тірі жүрер еді

Нұржан Қалжан: Хайп жасап атымды шығармай-ақ қойдым

Әнші өзінің хайп қумайтындығын жасырмады

«Орыстың қыздарына мүлдем бармаймын»: Мұқасан Шахзодаев қазақ аруларын ерекше бағалайтынын айтты

Әнші оған қоса ішімдік ішетіндігін де жасырмады

Сенатор Мұрат Бақтиярұлы: Қазақстан – көпұлтты мемлекет емес

"Қазақ жерін иемденген жалғыз ұлт - қазақ"

Қазақстандықтардың шетелдік сайттардан зат сатып алуы қиындайды: Жаңа ереже 1 қаңтардан бастап іске қосылады

Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді

Мұқасан Шахзадаев: Жұбайының өзі Нұрланды мен сияқты білмейді

Отыз жылға жуық уақыт бір-бірімізді танимыз

Талдықорғанның көшелерінде бірнеше азамат көкпар ұйымдастырған (видео)

Оқиға 9 желтоқсан күні орын алған
Çàãðóçêà...