Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәсіпкер Арыстағы жағдайға қатысты: Форма кигендер арасында жеке басын ойлаған "көртышқандар" да болды

Алматылық кәсіпкер Қайрат Құдайбергенов Арыстағы жағдайды баяндады. Халыққа көмектеспей жеке басын ойлаған сарбаздарды сөкті. 

Кәсіпкер Арыстағы жағдайға қатысты: Форма кигендер арасында жеке басын ойлаған

"Арыста болған жағдай бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірді. Біреуі құрғақ сөз жазып отырғанда, біреуі қажетті заттарды жинап, шара ұйымдастырды. Қажетті заттар мен тағамдарды жинауды бастады. Бұндай кезде үкіметтің қатесі туралы құр сөз емес, көмек керек. Мен шын жүректен өз міндетін атқарып, халықты қорғаған сарбаздарға алғыс айтқым келеді. Біздің Q3 Worldwide компаниямыз сол сарбаздардың кейбірін марапаттауға қаражат бөледі. Сіздер өзгелерге үлгі көрсеттіңіздер", - дейді кәсіпкер парақшасында.

Қайрат Құдайберген керісінше жеке басын ойлап, өзгелерге көмек қолын созбаған жандарға ренішін білдірді. 

"Мен форма киген "көртышқандар" жайлы айтқым келеді. Оларды басқаша қалай атауға болатынын білмеймін. Олар көлікпен жүріп, әріптестерін, қарапайым халықты тастап кете барды. Сіздер армиялық форма киіп жүруге лайық емессіздер. Мұны сіздерге офицер ретінде айтам. Әскери жылдарды сіздерді мінберге алатын еді. Мен апатты жағдайды пайдаланған тонаушыларды да мінберге астына жіберетін едім. Мұндай адамдар қарапайым халық арасындада болды. Баласын ертіп қашып бара жатқан әке мен олардың жанынан бос орынмен кетіп бара жатқан көлік жүргізушісін де көрдім. Қайғылы жағдай барысында Шымкент әкімімен сөйлестім. Оларға қандай көмек керек екенін сұрадым. Әкім әзірге тиісті көмек көрсетіліп жатқанын айтты. Негізінде, шымкенттіктер өте бірлігі жарасқан, достыққа берік халық. Қазақстандықтар болып құдай қиындықты жеңілдетіп, сіздерге жар болсын деп тілейміз. ", - дейді кәсіпкер.
 

Талқылау