Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды
Мемлекет басшысы жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына шұғыл көмек ретінде бір миллион доллар бөлуді тапсырды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға бір миллион доллар қаржы бөледі.
Сонымен қатар, Қазақстанның өкілетті органдары түрік тарапымен бірлесіп, зілзаланың зардабын жою үшін қосымша көмек көрсету мәселесін қарастыруда.
Естеріңізге салсақ, Түркиядағы жер сілкінісінен кейін қазақстандық құтқарушылар көмекке аттанған еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген