Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге барды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Ресей Федерациясының Сочи қаласына барды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі БОРТ1 Telegram-каналына сілтеме жасап.

Сапар аясында Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен кездеседі.

Қазақстан мен Ресей басшылары екі елдің стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелерін, соның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамыту тақырыбын талқылайтыны жоспарланған.

Ал 24 тамыз күні Мемлекет басшысы Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің шақыруымен Баку қаласына ресми сапармен барады.

Талқылау