Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Азаматтар әділдік орнағанын қалайды – мемлекет басшысы

Елордада Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Қазақстан Республикасының президентін ұлықтау рәсімінде Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды мазалайтын мәселелерді баяндады, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Alt

"Бүгін халықты, ең алдымен, не мазалайды? Ең бірінші - азаматтар барлық жерде әділдік орнауын қалайды. Әлеуметтік саясаттан бастап, мемлекеттік органдардың халыққа әділ қызмет көрсетуін талап етеді", - деп айтты Қасым-Жомарт Тоқаев президентті ұлықтау рәсімінде.

Оның айтуынша, халықты толғандырып отырған басты мәселе – табыс көлемінің азаюы. 

"Халықаралық қаржы нарықтарының тұрақсыздануы, теңгенің құнсыздануы халықтың табысына кері әсер етті. Миллионнан астам азаматымыз банктен несие алуға мәжбүр болды. Табысы жоғары және төмен азаматтар арасындағы алшақтық біздің қоғамды мазалайтын тағы бір өзекті мәселе. Әрине, мұндай құбылыстар бүкіл әлемде бар, дегенмен тоқмейілсіп отыра беруге болмайды. Сондықтан дәл осы өткір экономикалық, әлеуметтік, саяси мәселені шешу ортақ мерзімді кешенді шаралар қабылдауды қажет етеді", - деді мемлекет басшысы. 

Президент қоршаған ортаның қазіргі мүшкіл халі көпшіліктің көкейіндегі мәселе екенін атап өтті. Сондықтан оның сөзінше елімізге бірыңғай экологиялық саясат қажет. Қоршаған ортаны қорғау жүйесіне серпін беретін жаңа экологиялық кодекс қабылдау керек. 

"Келесі өзекті мәселе –  халықты сумен қамтамасыз ету. Таза ауыз су әрбір үйде, әрбір отбасында болуы міндет. Тағы бір маңызды халықты мазалайтын мәселе, бұл – жолдардың сапасы. Сол себепті автожолдардың жағдайын жақсарту біздің негізгі мақсаттарымыздың бірі", - деді Тоқаев Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан ҚР президентін ұлықтау рәсімінде.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр