Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауға келді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Атырау облысына келді.

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

Тоқаев мұнай кәсіпшіліктеріне қызмет көрсететін кәсіпорындардың бірінде болып, елдің мұнай-газ саласын дамыту мәселелері бойынша кеңейтілген отырыс өткізеді.

«Сапар бағдарламасына Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған салтанатты жиналысқа қатысуы да кіреді», - деді Уәли.

Алғашқы қазақстандық мұнай 120 жыл бұрын, 1899 жылы қарашада, Атырау облысындағы Қарашұңғыл кен орнында өндірілді. 2019 жылы мұнайшылардың кәсіби мерекесі - мұнайшылар күні 1 қыркүйекке тура келді.

Талқылау