Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаржылық сауаттылық бойынша қазақ тілінде бірінші тегін ертегілер жинағының Алматыда тұсаукесері өтті 

26 қыркүйекте Freedom Life ӨСК "Жасыл сандықша"/"Зеленый сундучок" балаларға арналған кітабын ұсынды. Жоба мектептер және жоғары оқу орындарында білім беру бағдарламаларын үкімет және қаржы реттеушілерімен енгізу мақсатында, ҚР президенті Қасым Жомарт Тоқаевтің бастамасын іске асыруға бағытталған.

Тұсаукесер барысында, Freedom Life ӨСК өкілдері және шақырылған қонақтары болашақ ұрпақтың тұрақты экономикалық негізін қалыптастыру үшін, балаларды жастайынан оқытудың маңызын талқылады.

Қазақ тілінде жазылған 10 ертегіден құрастырылған кітап, жасы 6-8 толған балалар топтарына арналған. Осындай шығармашылық және жаңашыл тұрпатта, Freedom Life ӨСК қаржылық сауаттылыққа оқыту процесін қызықты және қолжетімді жасауға ынталануда. Және де, ертегілер жинағы коммерциялық жобасы болып табылмайды, Қазақстан бойынша барлық қалалық және мектеп кітапханаларында тегін таратуға арналған.

"Замануи әлемінде қаржылық сауаттылық тек пайдалы машық емес, ол қажеттілік, қаржы мәдениетінің көкейтесті элементі болып танылады. Қаржылық сауаттылық  отбасы ошағынан басталады, сондықтан, балаларды жас кезінен оқуға баулу керек. Балаға ақшаның мәнін, жеке бюджет құрастыру және қаражатты ақылмен жұмсау тәсілдерін, цифрлік аяда қауіпсіздік сақтау, қорланым қалыптастыру, алаяқтықтан сақтану жолдарын үйрету қажет", - деп, баяндады, АРРФР қаржылық сауаттылықты жетілдіру Басқармасының бастығы Сәуле Ынтықбаева.

Жасыл сандықша" ертегілер кітабі Freedom Camp әлеуметтік жобасы шеңберінде шығарылған. Аталған жобаны Компания Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің (АРРФР) қолдаумен 2019 жылдан бастап жүзеге асыруда. Осы уақыт аралығында, 6000 артық балалар қаржылық сауаттылық бойынша оқудан онлайн және офлайн үлгісінде өткен.

"Қаржылық сауаттылықты дамытуға бағытталған бастамаларға қолдау көрсету, біз үшін өте маңызды. Freedom Camp әлеуметтік жобасын біз қаржылық сауаттылық бойынша балалардың жазғы лагерін ашудан бастадық, содан кейін, мектеп оқушыларына арналған білім беру платформасын іске қостық. Бүгін біз, сабақтарымызды "Жасыл сандықша" кітабі түрінде, шығармашылық тұрпатта ұсынып отырмыз. Ертегі және интербелсенді сабақтар арқылы біз балаларға қаржылық сауаттылықтың бастапқы қағидаларын меңгеруге көмектесеміз. Бұл оларға болашақта ақшаға қатысты таразылы, ақылды шешімдер қабылдауға үйретеді", - деп, Freedom Life ӨСК Басқарма Төрағасы Азамат Ердесов сұхбаттады.

Тұсаукесер шарасы соңында, Freedom Life ӨСК және ҚР Ұлттық кітапханасы кітапті тапсыру меморандумына қол қойыды, сондай-ақ, кітап даналарын жалпы білім беру қазақстандық мектептеріне сыйлады.

Сонымен қатар ұйымдастырушылар, camp.ffin.life цифрлік платформасында қаржылық сауаттылық курсынан өткен барлық оқушыларға алдағы уақытта кітапті сыйға тартатыны туралы мәлімдеді.

Естеріңізе саламыз, Freedom Life ӨСК 2023 жылдан бастап, мемлекеттік білім беру жүйесіне (ГОНС) Freedom University бағдарламасымен қатысады. Аталған бағдарлама, ең бастысы, қазақстандық  немесе шетелдік оқу орындарында жоғары білім алуға ақша жинауға мүмкіндік береді. Алайда, сақтанушы тек қорланым жинаумен шектелмейді,  мемлекеттік жылсайынғы сыйлықақыларымен ұлғайтумен қоса, сақтандыруды қорғауды иеленеді. Freedom University ережелеріне сәйкес, ӨСК қорланымның бүкіл кезеңі бойынша кепілді табысын 8% дейін есептейді, және дәйекті сақтандыру төлемдерін 8% дейін индекстейді. Сонымен қатар, Шарт бойынша, жылына бір мәрте 5-7% мөлшерінде мемлекеттік сыйлықақы есептеледі және салық жеңілдіктері қолданады.

Бүгінгі күнде Компания, балалардың қаржылық сауаттылығын дамыту бойынша, жекеше ұйымдардың қатарында үздік болуды жалғастыруда. "Жасыл сандықша"/"Зеленый сундучок" жинағы шығарылғаннан кейін, Компания Қазақстан жастарының жарқын, қаржылық тұрақты болашағының іргесін салуға тағы бір қадамын жасады. 

Талқылау