Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаржылық ауқаттылыққа жетелейтін 7 нақты қадам

Жаңа өмірдің бастауы саналатын жаңару уақытында әркім алдына әр түрлі мақсат қояды. Баршаңызды осынау көктемнің шұғылалы мерекесі, жыл бастауы Наурыз мейрамымен құттықтаймыз, бай-қуатты болуды тілейміз!

Жаңа жылда біреулер табысын еселегісі келсе, енді бірі жаңа кәсіп ашпаққа бел буады. Наурыз мейрамын әрбір қазақ отбасы үшін ойып тұрып орын алар, жеті түрлі дәмнен дайындалатын дәстүрлі сусын наурыз көжесіз елестету қиын. Сол сияқты біз де, бүгінгі материалымызда өмірдегі маңызды нәрсе — қаржылық ауқаттылық жайлы айтпақпыз және оқырмандарымызға оған апаратын жеті нақты қадам ұсынамыз. 

1-қадам

Адам өзін дұрыс  «арнаға» бейімдеуі керек. Яғни, қорқыныш жайлы ұмытып, ойды дұрыс жаққа бұру керек. Әрине, табысты кәсіпкердің мақсаты да айқын болуы шарт. 

Бізден кеңес: сол мақсаттарды қағазға түсріп, көз алдында болатындай көрінетін жерге іліп қойыңыз. Мәселен, сіздің мақсатыңыз үй алу болуы мүмкін. Осы жолда шағын қадамдар жасап, үлкен мақсатқа қарай бет аласыз.  Біреуіне жетіп, келесісін бағындыруға тырысу керек, себебі бұл қаржылық ауқаттылыққа жетудің бастапқы қадамы ғана. 

2-қадам

Өз капиталын бақылай алмайтын адам қаржылық жағынан тәуелсіз бола алмайды. Осы орайда, қаржылық сауаттылық негіздерін, шығыс пен кірісті дұрыс үйлестіре білуді үйренген жөн. Сондай-ақ, үнемдеу мен ақшаны жинай білу қаржылық тәуелсіздікке апарар бірден-бір жол екенін ұмытпаңыз. Жақсы табысы бола тұра, кей адамдар ақшаны дұрыс пайдалана алмаса, одан қаржылық әл-ауқаты түзелмейді. Сондықтан қаржылық саясатыңызды қайта қарастырып, маңызсыз шығындарды сызып тастап, табысыңыз шығыннан асатындай жасаңыз. Киноға, ресторандарға жиі бару сияқты пайдасыз әдеттерден арылу қажет. Табыс көлемінің жиырма пайызын бөлек жинаған дұрыс.

3-қадам

Табысты арттыру үшін жұмыс ауыстыру немесе үйден істейтін қосымша жұмыс табу жайлы ойлану керек. Бастысы —  істеген жұмыстан пайда тауып қана қоймай, оған қанағаттану керек. Өзіңізге ұнамсыз іспен айналысу ешқандай қуаныш әкелмейді.

4-қадам

Резервтегі капиталдың, жинап жүрген артық ақшаның болуы қаржылық тәуелсіздік жолындағы маңызды қадам. Өмірде түрлі жағдайлар болады, ескерілмеген заттарға шығын шығып жатады. Осындай кезде жиналған сомаңыз болса, керекті қаражатты қайдан алуға болады деп бас қатырмайсыз. Ең дұрысы - ақшаны депозитте жинау.

Мысалы, ВТБ Банкінде депозитке 15 000 теңгеден бастап қаражат жинай аласыз. Банк жиналған қаражатты банктік депозитке тиімді орналастыру мен сол арқылы қосымша пайда табуды ұсынады. Мұнда ең бастысы, ақша сіз үшін жұмыс істеп, ай сайын сыйақы түсіп тұрады. ВТБ Банкіндегі депозит түрлері жайлы толығырақ мына сілтеме арқылы біле аласыз.

5-қадам

Жиналған капиталды басқа да тиімді жобаларға салуға болады. Бұл қосымша табыс тапқысы келетіндерге өте қолайлы. Инвестициялауға келер болсақ, қазіргі уақытта оның түрі көп. Қаражат құйғалы отырған саланы егжей-тегжейлі зерттеу керек. Инвестициялаудың негіздері мен принциптерін білмеу және түсінбеу шығынға әкеледі. Қалай болғанда да, ақша ешқашан үйдегі банка да немесе әмиянда жатпауы керек, ол «жұмыс істеп», сізге табыс әкелуі керек. Тек осы жағдайда ғана сіз уақыт өте келе қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізудің мүмкіндігіне ие боласыз.

6-қадам

Табысқа жету үшін адамға шыдамдылық қажет. Үнемі өз-өзіңізді жаттықтырып: шешендік өнерді, білім мен дағдыларды жетілдіріңіз. Қазір интернетте барлығын оқып, білуге мүмкіндік бар: пайдалы ақпарат, электронды кітаптар және т.б.

7-қадам

Жақсы нәтижеге қол жеткіздіңіз бе? Мұнымен тоқтап қалмауға тырысыңыз. Әрқашан алға ұмтылып, көбірек нәрсеге жетуге тырысу қажет. Түрлі нәрсені көріп, татып, жаңа тиімді инвестициялық жобаларды іздеуден қорықпаңыз. Ең бастысы, тәуекел негізді әрі алдын ала есептелген болсын. Табандылық пен шыдамдылық — табысты адамдардың бойындағы бірден-бір қасиет екенін естен шығармаңыз.

Өздеріңіз оқып-көріп отырғандай, өмірде материалдық, қаржылық тұрғыда тәуелсіз болудың айтарлықтай құпиясы жоқ. Барлығы адамның жеке көзқарасына, талпыныс пен ұмтылысына байланысты.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Гелендваген көлігін алғым кеп жүр": Қазақстандық жұлдыздардың көлігі қандай

Динара Сұлтан: 17 жасымнан бастап көлік айдаймын

Назарбаевтың Қазақстан халқына үндеуі жарияланады

Елбасының баспасөз қызметінде көрсетілгендей, мақала Elbasy.kz сайтында және республикалық газеттерде жарияланады

Қостанай облысында коронавирус жұқтырғандар Шарм-эль-Шейхтен ұшып келген

Олар Тобылдағы карантиндік ауруханада жатыр

"Кейбір азаматтардың сана-сезімінің төмендігін байқап отырмыз": Алматы полициясы көшеде жүргендерді не үшін ұстап әкеткендерін түсіндірді

Әлеуметтік желілерде тұрғындардың қолын қайырып әкетіп бара жатқан полиция қызметкерлерінің видеосы таралды

Назарбаевтың денсаулығына байланысты сыбыстардан кейін, оның фотосуреттері мен видеосы пайда болды

Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министр Асқар Маминмен кездесті

25 мың теңгеге дейін қымбаттаған зімбірдің пайдасы бар ма

Дәрігерлер зімбірден гөрі емдік шөптен жасалған шайларды ішуге кеңес беріп отыр

Қарағандыда COVID-19 жұқтырған 7 адам туралы не білеміз

Барлық науқастар эпидемияға қарсы қауіпсіздік шараларымен оқшауланған және емделуде

Алматы облысының тұрғынына үй карантинін бұзғаны үшін 26 мың теңге айыппұл салынды

Ресей Федерациясынан келген азамат үй карантинін бұзған

Ботокс, шаш, макияж: Жұлдыздар күнделікті күтіміне қанша ақша жұмсайды

Алтынай Жолдыбаева: Менің көкірегім кішкентай, бірақ өзіме ұнайды

Қостанайда коронавирус жұқтырған ерлі-зайыптылар Мысыр елінен оралған

Дәрігерлердің науқастар жағдайы қанағаттанарлық екендігін айтып кетті
Çàãðóçêà...