Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаржы министрлігі Kaspi gold арқылы жүргізілетін аудармаларға тыйым салмақшы болып, артынша бұл шешімнен айныды

Кәсіпкерлер салық төлемеу үшін Kaspi Gold-тың жеке ақша аударымын тауар немесе қызмет төлемдерін жасаған кезде жиі пайдаланатын болған. Қолайлы әрі оңай төлем жүргізудің бұл түрі Қазақстан тұрғындарының арасында кең қолданысқа иеленуде. ҚР-ның қаржы министрлігі мен Kaspi банкімен бірлесе отырып, бұл төлем жүйесін қалай заңдастыруға болатынын талқылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қаржы министрлігі Kaspi gold арқылы жүргізілетін аудармаларға тыйым салмақшы болып, артынша шешімнен айныды

Қазіргі таңда Қазақстандағы ірі банктердің бірі Kaspi банк клиенттері телефон нөмірі тіркелген карточкалар арқылы қолма-қол ақшасыз жүргізілетін төлем түрін кеңінен қолданады. Бұл төлемді жүзеге атқаруда комиссия ұсталмайды екен. Сол себепті, ыңғайлы төлем тәсілі бүгінгі күні такси, азық-түлік, шаштараз және көлік жуу және т.б. қызметтерді жүзеге асыруда пайдаланылады.

«Бүгінде Kaspi Gold төлемдері - өте танымал механизм. Ол төлем жүйесіне қатысты заңдардың барлық талаптарына сай келеді, бірақ салық кодексі мен фискализация талаптарына қарама-қайшы. Біз бұл механизмге тыйым салғымыз келген, алайда мемлекет экономикасына кері әсер етеді-ау деген оймен бұл шешімнен бас тарттық» - деді қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев жұмада өткен брифингте.

Бүгін, 4 қараша күні вице-министр тағы да мәлімдеме жасады. Сөзінше, картадан картаға жылдам ақша аудару жүйесі қазіргі кездегі ең ыңғайлы төлемнің бірі екен. 

«Әрине, мұндай ақшаны оңай аудару механизмдері қолма-қол ақшасыз төлем жүйесінің дамуына алып келді. Ұлттық банк мәліметінше, былтырғы жылмен салыстырғанда бұл жылы қолма-қол ақшасыз төлем 2,1 есе өсіп, көлемі 92,6 пайызға жеткен»- деді Еңсебаев. 

Дегенмен, қаржы министрлігі бұл төлем жүйесін бақылау мүмкін емес екендігін, фискалды чексіз азаматтардың құқығы ескерілмейтіндігін және салықтың төленбей қалуын ескеріп, алаңдап отыр. 

Осы жағдайды түзеу мақсатында қаржы министрлігі мен Kaspi банк басшылығы бірлесіп жұмыс атқаруға кірісті. 

«Бұл туралы Kaspi банктің басшысы Михаил Ломтадзе де айтқан болатын. Алдағы уақытта клиенттен клиентке бағытталған төлем тәсілінің орнын басатын жаңа әрі тегін құрал жасалатын болады»- деді Руслан Еңсебаев. 
 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Иә, сүйіктім бар!": Актриса Гүлнәз Жоланова тұрмысқа шықпақ

Актриса: Меніңше, халыққа экрандағы менің махаббатым жететін сияқты

Оралда жүргізуші автокөлігімен 3 жасар қызды екі рет басып өткен

Қыздың жағдайы өте ауыр, екі аптадан бері ауруханада жатыр

Жүкті әйеліне асығып бара жатқан: Оралда қызды қағып өлтірген жүргізуші өзін босатуды сұрады

Оның үстіне ол жүргізуші куәлігінен айырылған екен

Балаларымен бірге мекемеде түнеген: Шымкентте көпбалалы аналар әкімдікке баса көктеп кірді

Олар қала басшысымен кездескісі келіпті

Виктор Храпуновтың ұлы Ілияс Храпунов БТА банктің ақшасын жымқырды деп айыпталды

Женева соты Храпуновтың ұлы 500 миллион доллар теңге қайтаруы қажет деген үкім шығарған

Назарбаев Швейцария президентімен кездесті

Тұңғыш президент пен Швейцария президенті екі ел арасындағы байланысті сөз етті

Еуропа елдеріне қарағанда алты есе көп: Елімізде мектеп қабырғасында босанатын қыздар саны жаға ұстатты

Депутат: Бұл секске дайындау мәселенің нәтижесі!

Қазақстан азаматы Беларусь елінде қыздарды жезөкшелікке арбады деп күдіктелуде

Белорусь полиция қызметкерлері қазақстандықты автобекетте ұстап алған

ОСК Қазақстанда референдум өткізуден бас тартты

Бұған дейін бастамашыл топ елімізде референдум өткізуді ұсынған еді

Солтүстік Қазақстан тұрғындарының саны бір миллионға жуық адамға азаюы мүмкін

Петропавлда қазақстандықтарды оңтүстіктен солтүстікке көшіру мәселелері талқыланды
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр