AAPL
140.82 $
-5.64 %
TSLA
709.81 $
-6.8 %
NDAQ
142.09 $
-4.5 %
GOOGL
2237.99 $
-3.93 %
FRHC
41.11 $
-5.52 %
AAPL
140.82 $
-5.64 %
TSLA
709.81 $
-6.8 %
NDAQ
142.09 $
-4.5 %
GOOGL
2237.99 $
-3.93 %
FRHC
41.11 $
-5.52 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаржы министрлігі электронды темекі импортына шектеу қоюды ұсынды

Қаржы министрлігі электронды шылым импортына шектеу қоюды ұсынғын. Бұған дейін Денсаулық министрлігі электронды шылым құрылғысының техникалық талаптарын күшейту керектігін айтқан болатын, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасының жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап. 

электронды шылым

"2021 жылдың сәуірінен бастап тауарларды таңбалау жүріп жатыр. Бұл электронды темекі айналымын бақылауға мүмкіндік береді. Қазір проблемалы сұрақ бар, бұл – жауапкершілік орнату. Жақын арада электронды темекі импорты үшін жауапкершілік енгізу мәселесін ұсынғалы отырмыз. Денсаулық сақтау министрлігі мұндай шылымдардың айналымын шектеу үшін арнайы қойылатын талаптарды күшейтпекші", - деп мәлімдеді Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл.

Құжат мемлекеттік органдарға мақұлдауға берілген, алайда шенеуніктер нақты мәлімет айтпады. Қазір бір реттік электронды шылымға толық тыйым салу мәселесі де қаралып жатыр. Айта кету керек, елімізде темекі қыздыруға арналған кез келген құрылғы қарапайым шылымға теңестірілген. Мамандардың айтуынша, құрылғылар денсаулыққа кері әсер етеді және тәуелділікке алып келеді екен. 
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр